жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Шәкәрім"
драма
Авторы – Темірболат Ахметов
Қоюшы режиссёрі – Мұратбек Оспанов ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретшісі – Ләйлә Набиева
Жанры –драма
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Премьера – 05.10. 2016.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Шәкәрім – Құмарбек Қалқатаев «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері
Дархан – Төлеубек Көңбай «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері
Бағлан – Жанар Құсайынова «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері
Зият – Санжар Ақмағамбетов
Шәмшіқамар – Қарлығаш Абдрахманова
Оқжан – Ержан Аубакиров
Гүлжан – Зафура Арзымбетова «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері
Мақсұт – Наурызхан Тинхан
Тамара – Айна Жүнісова «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері
Зият – Асланбек Шайсұлтанов
Абзал Қарасартов – Медет Хамзин
Бак Федор Федорович – Қайрат Мырзаболатов «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері
Қасымбек Солтабаев – Нұрсұлтан Қыдырбеков
Берлеш Әзімбаев – Кәсіп Елеусіз
Райхан – Гүлнұр Қожанова
Рамазан – Самат Шаймерденов
Рахманқұл – Еркебұлан Төлеуов
Хамитов – Асылбек Ташимов
Дала данышпаны Шәкәрім Құдайбердіұлының ғұмырын қамтитын, асыл ойларын айшықтайтын, ізгі мұратын, мағыналы мұратын көз алдыңа келтіретін көркем дүние ғұламаның 150 жылдығына орай сахналанып отыр. Қойылымдағы кейпкерлердің дені өмірде болған адамдар. Қилы-қилы көкіректердегі көркем ойдың діттеген тұсы - ел мұраты.
Қойылым барысында сана мен салмақтаған адамға жарқын ойлардың жасампаз лебі көрінбек, сөз астарындағы, ой түйініндегі ишараны ұғу үшін зейін керек. Айтары көп, ой астары қалың шығарманың Шәкәрімнің тұлғасын ғана емес тұғырын да биіктететіндігін білгіңіз келсе байыпты көз қарасыңыз кемел болсын, қымбатты көрермен.
Қойылымды келесі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: