жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
Премьера!!! "Қилы жол" Жабал Ерғалиев (тарихи драма)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
Авторы – Жабал Ерғалиев
Қоюшы-режиссері – Мұратбек Оспанов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері
Қоюшы-суретшісі – Ләйлә Набиева
Киім үлгілерінің суретшісі – Маймұра Топанбаева
Биін қойған – Гүлмира Ордабаева
Премьера – 6 наурыз 2016 жыл
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Әбілқайыр – Жарас Қалдаров
Керей – Төлеубек Көңбай
Жәнібек – Бағлан Иманғазинов
Есенбұға – Қайрат Мырзаболатов
Үйсін Қастек би – Зүлкәпіл Батихан
Мір Мұхамед – Мейрамбек Мұхатай
Мір Сейтәлі – Асланбек Шайсұлтанов
Бақтияр сұлтан – Асылбек Ташимов
Жырау – Құмарбек Қалқатаев
Ақжол би – Самат Шаймерденов
Батыр Саян – Ержан Аубакиров
ҚР парламенті сенатының депутаты, жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Қилы жол» тарихи драмасы Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының 20 жылдығына орай арнайы сахналануда.
Басты тақырыбы қазақ хандығының бастауында тұрып, қазақ мемлекетінің негізін қалаушы әйгілі тұлғалар Керей мен Жәнібек сұлтандардың қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалу, алдағы болашақты бағдарлау мақсатында Әбілқайырдың тепкінінен азат болу үшін Шайбани мемлекетінен бөлініп, Шудағы Қозыбасы мекенінде Қазақ хандығын құрудағы алғашқы ұмтылыстары, жетістіктері, арпалыстары, өз халқын қилы жолдан алып жүрулері қойылымда көрініс табады. Ежелгі тарихтың ең маңызды кезеңдері аталған қойылымда жан-жақты көрінісі айқын көрсетілген.
Қойылым жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылықа, ел жандылыққа тәрбиелеп, ұлы бабалардың ұлан-асыр ерлігін, теңдессіз еңбегін жас ұрпаққа дәріптейді.