жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
«Махаббат FM»
комедия
Авторы – Ильгиз Зайниев (Ресей, Татарстан Республикасы, Қазан қ.)
Қазақ тіліне аударған – Фархадбек Қанафин
Қоюшы режиссері – Фархадбек Қанафин
Қоюшы суретшісі – Ләйлә Набиева
Киім үлгісінің суретшісі – Маймұра Топанбаева
Биін қойған – Дина Қожабаева
Премьера – 14, 17, 18 ақпан 2016 жыл
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Ілияс – Еркебұлан Төлеуов, Ерғанат Сәбитов.
Шолпан – Еркежан Мұратхан, Гүлнұр Қожанова
Бекзат – Ұлықпан Қайратбек, Ержан Аубакиров
Фарида – Жанар Құсайынова («ҚР мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері),
Айна Жүнісова («ҚР мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері)
Кенжегүл – Баршагүл Малғаждарова
Разиля – Ақмарал Жайлауова
Зейнеп – Рашида Ғалымова
Есләм – Асланбек Шайсұлтанов
Елдос – Асылбек Ташимов
Еркеш – Зүлкәпіл Батихан
Татар драматургі Ильгиз Зайниевтің «Махаббат FM» комедиясының сюжет желісі «Махаббат FM» радиосындағы ди-джей жігіт Ілияс пен сол радионың дыбыс режиссері Шолпанның өз сезімдерін бір-біріне білдіре алмауынан бар оқиға бастау алады. Комедия ойнақы сөздерден, қазіргі жастар ұғымына жақын әзіл диалогтарынан, үздіксіз әрекеттерден, динамикалық оқиғалардан тұрады. Қазақстан театрлары ішінде тұңғыш сахналанып отырған комедияны режиссер Фархадбек Қанафин қазақ ұғымына жақындата біліп, театрдың жас актерларымен экспрессияға толы қойылым жасай білді.
Комедия қазіргі уақыттың тынысына дәл келетін, кез-келген нәрсеге еліктегіш жастардың көкейінде жүрген махаббат сезімінің қадір-қасиетін ұғындыра отырып көрерменге ой тастайтын заманауи мән-мағынасы, маңызы мол қойылым болып табылады.
16-ты жастан жоғары көрерменге арналады.