жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

"Батырлық жолы" Құдайберлі Мырзабек (драма)

Ұлы Жеңіс күніне орай... ONLINE "Батырлық жолы" Құдайберлі Мырзабек (драма)

Авторы – Құдайберлі Мырзабек

Қоюшы-режиссёрі – Мұратбек Оспанов

Режиссердің ассистенті – Бағлан Иманғазинов

Суретшісі – Ләйлә Набиева

 

Рольдерді орындайтындар:

Мәлік Ғабдуллин  Бағлан Иманғазинов                                

Жанбөпе – Әсем Серікова

Генерал Панфилов – Құмарбек Қалқатаев                                        

Карпов – Ерқанат Сәбитов

Бауыржан Момышұлы – Зүлкәпіл Батихан

Төлеген Тоқтаров - Әлихан Қарабаев

Бұзаубек – Данияр Құлмағанов

Заболотный – Ержан Әубәкіров

Сахнов – Асланбек Шайсұлтанов

Шашко – Асылбек Ташимов

Рамазан Елебаев – Самат Шәймерденов

Гуров – Еркебұлан Тулеуов

Штурм бан фюрер – Төлеубек Көнбай

Гауптман – Қайрат Мырзаболатов

                                                  

«Батырлық жолы» қойылымында ел басына күн туған ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласындағы ерлердің ерлік істері баяндалады. Басты кейіпкері Кеңес Одағының Батыры, академик-жазушы  жерлесіміз Мәлік Ғабдуллин. Сондай-ақ, батырдың қаруластары Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаевтардың бейнелері ашық айқын, толымды көрінеді.

Отан үшін от кешкен боздақтардың көзсіз ерліктері, батырлықтары арқылы жас толқынға патриоттық тәрбие беруді көздеген, есіл ерлердің есімдерін ел жадында мәңгілік сақталып қалуына әсер етуді көксеген қойылым діттеген мұратына жетіп отыр. Идеялық көркемдік қуаты зор қойылым өз шешімін тауып көрерменнің көңілінен орын алатындығы даусыз. Алтын арқауындағы шарықтау шегі ширығып барып, өрілгенде бей-жай қарау мүмкін емес. Кесек бейненің кесек кескіні. Адамшылықтың, ерлік пен өрліктің жыры.

Автор да, режиссер да алда қойған мақсат-мұратын театрдың шығармашылық ұжымының қуатты потенциалы арқылы көздеген мақсаттарына жетіп отыр.