жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Премьера!!! "Апалы-сіңлілі үшеу" А. П. Чехов

төрт көріністі екі антракты драма Премьера!!! "Апалы-сіңлілі үшеу" А. П. Чехов

Авторы – А. П. Чехов

Жанры – төрт көріністі драма

Режиссёр – Болат Абдрахманов

Суретші – Ләйлә Нәбиева

Музыкамен көркемдеген– Арман Ищанов

Оркестр – Ақмола облыстық филармониясының Эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрі, дирижёр – «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері – Ерназар Оразалин.

Ұзақтығы – екі антрактілі 2 сағат 50 минут

 

А. Чеховтың драмасын режиссёр Б. Абдрахманов өзгертпей, пьесаның соңына дейін мүлтіксіз еріп отырған.

Балалық шақтары Мәскеуде өткен, генерал Прозоровтың үш қызы – Ольга, Маша және Ирина, шет аймақтық қалада өмір сүреді. Олар бақытты әрі үмітке толы – жуыр арада олар туып өскен жері – Мәскеуге қоныс аудармақ. Оларды Мәскеуде мәнге, махаббатқа толы өмір күтетіндеріне нық сенімді. Бірақ көшу жөніндегі барлық жоспарлар бір мезетте жоққа шығарылады, онымен бірге үміт пен арман үзіледі. Кішкентай қалашықтың сұрқайлығы қыздардың өмірлерінің тас талқанын шығарады. Өмірдің мәнісі жоғалып, қыздар жабырқаулы күй кешеді. Спектакльдің финалы неғайбыл: апалы-сіңлілер ешқайда бармайтындары анықталады. Өмір өз заңдылықтарына сәйкес жалғасады.  

Шалғайдағы өмірден қашып құтылғылары келген апалы-сіңлілі үшеу жөніндегі драманы Б.Абдрахманов арман туралы қайғылы драма түрінде көрсеткен. Режиссер қиялдарын жоғалтқан, алайда ертеңгі күнге деген сенімдерінен айырылмаған апалы-сіңілілі үш қызды көрсетеді. Спекткльдің финалы қаяулы: сахнадан залға екі қатарда оркестр түседі, марш ойналады. Тығырықпен соңына дейін күресуге дайын үш апалы-сіңлілі жалғызсырап монологтарын айтып тұрады. Сонымен бірге, олардың айтып жатқан сөздерін басып, және бір уақытта олардан алыстай отырып музыка дыбысы қатты әрі салтанатты түрде ойналады.