жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Алдаспан"
драма
Авторы – Ерсайын Төлеубай
Қоюшы режиссёрі – Ерсайын Төлеубай
Суретшісі – Ләйлә Набиева
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Жұмабек Тәшенов – Төлеубек Көңбай
Ілияс Омаров – Құмарбек Қалқатаев
Бауыржан Момышұлы – Қайрат Мырзаболатов
Никита Хрущёв – Жарас Қалдаров
Гүлжихан – Айна Жүнісова, Жанар Құсайынова
Дәумен – Зүлкәпіл Батихан, Еркін Тазболатов
Өзбек басшысы – Ерқанат Сәбитов, Нұрсұлтан Кыдырбеков
Тәшеновтің баласы – Асылбек Ташимов, Еркебұлан Тулеуов
Көмекші – Асланбек Шайсұлтанов, Самат Шәймерденов
Бұл қойылымда өткен қоғамымыздың кеңестік-тоталитарлық жүйесінде билік құрған Н.С.Хрущётің тың игеру саясатына орай қазақ елінің солтүстік бес облысын Ресей мемлекетіне, мұнайлы Маңғыстау өңірін Түркменияға, Шымкент облысының Бостандық, Мақтарал, Киров аудандарын Өзбекстанға қосу жөніндегі Мәскеу билігіне жалғыз өзі қарсы тұрған арыстан мінез, алып жүрек, қазақтың бір туар асыл азаматы, қоғам қайраткері Жұмабек Ахмет ұлы Тәшеновтің ұлы ерлігі баяндалады. Сол кездегі солақай саясаттың үстемдігіне бас имей өткен Бауыржан Момышұлы және өнер мен әдебиетте өшпес із қалдырған Ілияс Омаров, Гүлжахан Ғалиеваның да өткен өмірінен сыр шертіледі.