жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Жұбай саудасы"
фарсАвторы – Тұрсынбай Жандәулетов
Қоюшы режиссёрі – Еркебұлан Қабдыл
Суретшісі – Қуат Түстікбаев
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 20 минут
Премьера – 12.03.2015.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Бөрібай – Еркебұлан Төлеуов
Әбдік – Самат Шәймерденов
Балқия – Еркежан Мұратхан
Шолпан – Айдана Әбенова
Құтты бай – Қайрат Мырзаболатов -
Ахмет – Ержан Әубәкіров
Тойота Күміс робот қыз – Баршагүл Малғаждарова
Мерседес Меруерт робот қыз – Айна Жүнісова
Робот-жігіт Серік – Асланбек Шайсұлтанов
Робот-жігіт Бәйпек – Нұрсұлтан Қыдырбеков
Маржан – Мақпал Сүлейменова
Тілші – Ұлықпан Қайратбек
Көрермен назарына бұл жолы ұсынылып отырылған фарстың тақырыбы «Жұбай саудасы». Қойылымның өне бойында бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелері көрініс табады. Жастардың шаңырақ құруға дайын еместігі, тұрмыс құрмаған кәрі қыздардың көбеюі, азаматтардың бойындағы нағыз ерлерге тән қасиеттердің азаюы сомдалады. Өне бойға жабысқан өңсіз сырқат тәрізді кеселдерге күлу арқылы жамандықтан бездіру, қиянаттан жирену көзделген. Айналып келгенде бәрі шаңырақ неге шайқалады деген сойылдай сұрақтың төңірегінде өрбиді. Зерделі көрермен күле отырып, ойланбақ. Ойлана отырып, жаңа шешім, соны ізденістің іздерін іздемек. Шығарманың авторы Тұрсынбай Жандәулет, қоюшы режиссер Еркебұлан Қабдыл бүгінгі күннің у күлкісінің кермек дәмін татамыз десеңіздер «Жұбайлар саудасы» қойылымына келіңіздер.