жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Люстра" Ильгиз Зайниев
лирикалық комедияАвтор – Ильгиз Зайниев
Қоюшы режиссері – Фархадбек Қанафин
Суретші – Ләйлә Нәбиева
Рөлдер мен орындаушылар:
Флёра – Жібек Бағысова, ҚР халық әртісі
Эльфа – Жанар Құсайынова, "Мәдениет қайраткері" төс белгісінің иегері
Марс – Бағлан Иманғазинов, "Мәдениет саласының үздігі" төс белгісінің иегері
Венера – Айна Жүнісова, "Мәдениет қайраткері" төс белгісінің иегері
Зайнұлла – Жарас Қалдаров, "Мәдениет қайраткері" төс белгісінің иегері
Мұхаммет – Зүлкапіл Батихан
Қым-қуыт қарбалас тіршілікте жаныңды жадырататын күлкіге не жетсін. Күлкінің де сан түрі бар. Сай сүйегіңді сырқырататын, жігеріңді жасытатын у күлкі. Енді бір сәт өмірдің өзінен ойып алынған жағдаяттарға күлу, өз басыңнан дәл осындай қателіктер өтсе, оған да ой көзімен қарап, санаңа салмақ салатын күлкі. Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры көрермендер назарына ұсынып отырған «Люстра» деп аталатын комедиялық қойылым өмірдің өзінен ойып алынған штрихтармен көмкеріліп, шынайы бейнеленеді. Сонысымен құнды.
Егер бір сәт тіршілік түйткілдерін ысырып тастап, күлкіге көмілгіңіз келсе, «Люстра» комедиясын көріңіз. Осы комедияның өне бойынан ақсиған күлкі де, жарқылдаған күлкі де, қарқылдаған күлкі де табылады. Ең бастысы, жаныңызға тимейтін, арыңызды кірлетпейтін әдемі күлкі, әрлі күлкі, сәнді күлкі. Келіңіздер, күліңіздер. Күлген сайын көңіліңізді ғажайып сезім билеп, жүзіңізге шырай қонақтап, арай ұялап, мәз боласыз.
Қойылымды келесі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: