жаналыктар
-
21.11.2024
20,21,22 қараша
Гастрольдік сапар
-
20.11.2024
Бір ауыз пікір
Серік Жетпісқалиев
-
18.11.2024
ҚР "Мәдениет қайраткері" театр және актері
Жарас Қалдаровтың 50 жасына орай
-
13.11.2024
"Мен деп ойла" Дара толғау
Шығармашылық кеш
"Бес бойдаққа бір той" Тынымбай Нұрмағамбетов
комедияАвтор – Тынымбай Нұрмағамбетов
Қоюшы режиссір – Төлеубек Көңбай
Суретшісі – Ляйля Набиева
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 35 минут
Премьера – 25.01.2015 жылы
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Қырманбай – Ерқанат Сәбитов, Асылбек Тәшімов
Барбол – Еркебұлан Тулеуов
Нарбол – Асланбек Шайсұлтанов
Жарбол – Ұлықпан Қайратбек
Күйкетай – Баршагүл Малғаждарова
Шүйкетай – Мақпал Сүлейменова
Марат – Ержан Әубәкіров
Кико – Нұрсұлтан Қыдырбеков
Элеонора – Мадина Өсербаева
Гүлбарам – Маржан Бөкешова
Мара – Мергүл Құлмағанова
«Бес бойдаққа бір той» комедиясының қамтитын тақырыбы, идеялық мазмұны өмірдің өзінен алынған шығарма. Шығарма туралы сөз сабақталып, оранымды ой мен толымды пікірлер айтылған болатын. Көкшетаулық көрермен назарына театр ұжымы ұсынып отырған жаңа қойылымның желісі, идеялық мазмұны өмірдің өкпек желі тоңдырған адамдардың жан жүрегін әдемі әзіл, қазақы қалжыңмен жібітіп шуақтандыру. Жасы ортасынан ауған кезде жарынан айрылған адамның ендігі арадағы алдына қойған бар мақсаты перзенттерін аяқтандыру. Отбасындағы күнделікті тіршіліктің өзі жеңіл мұңмен астасқан, тіршіліктің сәл-пәл салмағымен соқталанған сәт. Бірақ тағдырдың салған талқысын қалжыңмен жеңілдетіп, орынды да орынды әдемі әзілмен әрлеп, шымқай қара бояудың ар жағынан шамырқанып күн шығады. Бар пейілі балаларына ауған әке өзін ұмытқандай, ал балалары болса алдымен жол ашсын деп әкені тосады.
Бір шаңырақтың тағдыры іспетті шығарманың өне бойы көрерменді бей-жай қалдырмайтын шымыр динамикаға, уытты сөзге, қанжар тілді қалжыңға толы. Өмірдің өгейлетер сәтіне жылап қарауға да, күліп қарауға жа болатын шығар. Жыласаң- еңсең түседі, күлсең-қауқарың артады. Қайсысы қисынды, қайсысы жөн- келіп көріңіз.