Қар ханым

қысқы ертегі ONLINE Қар ханым

Авторы – Ганс-Христиан Андерсен

Жанры – қысқы ертегі

Қазақ тіліне аударған – Байкал Баядилов

Сахналандыру – Болат Абдрахманов

Режиссёр – Болат Абдрахманов

Суретші – Ляйля Набиева

Музыкалық безендіру – Арман Ищанов

 

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Ертегішіактёр Асланбек Шайсұлтанов

Қар патшайымы – актриса Маржан Букешова

Кай  – актёр Бауыржан Жамшітов

Гердаактриса Әсем Серікова

Әжесі – актриса Жанар Кусаинова

Дию актёр Марат Шақар

Дию  актёр Ермұхан Жұмабек

Бас дию актёр Жомарт Сағындық

Солтүстік бұғысы актёр Жомарт Сағындық

Құзғын қарғаактёр Еркебулан Тулеуов

Қарақшыактриса Ғалия Қорабаева

Қарақшы қыз – актриса Қарлығаш Абдрахманова

Қарақшы – актёр Кәсіп Елеусіз

Ханша – актриса Макпал Сулейменова

Қар ұшқыны – актёр Марат Шақар

Қар ұшқыны – актёр Ермұхан Жұмабек

Ұйқы – актёр Марат Шақар

Ұйқы – актёр Ермұхан Жұмабек

 

Спектаклдің премьерасы 2014 жылдың 23 желтоқсанында өтті.

Спектакль қазақ тілінде ойналады.

Спектаклдің ұзақтығы 45 минут.

 

          Кай мен Герда кішкентай қалашықта тату-тәтті өмір сүріп жатты. Күндердің бір күнінде Кайдың жүрегіне жауыз диюлар сындырған айнаның сынығы қадалады. Бұдан кейін ол дүниенің тек жаман жақтарын көретін болды. Қыз бен ұл керісіп қалады. Қыстың бір кешінде Қар патшайымы баланы өзімен бірге мұз сарайына алып кетеді.  Герда болса, оны құтқарамын деп іздеуге жөнеледі. Жолда ол Құзғын қарғаны, Ханша қызды, Қарақшы қызды және Солтүстік бұғыны кезіктіреді. Олардың барлығы Герданың қандай жағдайға тап болғанын біле сала, қызға көмектеседі. Мұз сарайына жеткен соң, Герда өз махаббаты мен көз жасымен Кайдың мұз жүрегін балқытып жібереді. Мұз сарайы ғайып болып, бақытты кейіпкерлер үйге қайтады.

            «Қар ханым» ертегісі – сұлу әрі суық Қар ханым туралы көрініс емес,   бұл – Андерсеннің өзі айтқандай, "таза жүректің салқын ой-сананы жеңуі туралы хикая". Есептің барлық төрт амалы мен бөлшегін білетін, сиқырланған Кай баланы риясыз сүйе білген, оның жүрегін балқытқан Герда қыз туралы әңгіме...

          Спектакль сиқырлы әрі әсерлі, адал достық, кіршіксіз махаббат мен сүйіспеншілік сезімі жайлы. Ересектер бұл ертегінің зор философиялық мәні мен діни астарын аңғарады. Қойылым көңіл шерін қозғап, ойландырып толғандырады...

 

 

Қойылымды келесі сілтеме арқылы күні бойы тамашалай аласыздар:

                              https://youtu.be/ULFPXWFY6AQ