жаналыктар
-
30.12.2025
Репертуар!
2026 жылғы Қантар айының репертуары
-
30.12.2025
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар.
-
29.12.2025
Инклюзивті балаларға арналған, қайырымдылық акция.
Жаңа жылға арналған "Ғажайып шырша" ертегісі
-
24.12.2025
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"Ойна!Ойла!" интерактивті ертегі автор және режиссер:А.Сәбит
Жан шырылы
Драма
Авторы – Жабал Ерғалиев
Қоюшы режиссёрі – Мұратбек Оспанов
Суретшісі – Ибрагим Исенов
Киім үлгілерінің суретшісі – Ляйля Набиева
Жанры – драма
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 20 минут
Премьера – 05.11.2014.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Кәрім – Қайрат Мырзаболатов
Рәзия – Жанар Құсайынова
Гүлнұр – Маржан Бөкешова
Асқар – Ержан Әубәкіров
Жанат – Асылбек Тәшімов
Жәния – Баршагүл Малғаждарова
Жанар – Мадина Өсербаева
Жұман – Ерқанат Сәбитов
Абдурахман ибн Халид – Жарас Қалдаров
Шейх Рамазан – Төлеубек Көңбай
Ораз – Зүлкәпіл Батихан
Аян – Бағлан Иманғазинов
Нұрбек – Самат Шәймерденов
Бірінші содыр – Еркін Тасболатов
Екінші содыр – Асланбек Шайсұлтанов
Үшінші содыр – Еркебұлан Тулеуов
Рухани жан-дүниенің, діни наным-сенімнің қазанының қақпағы қисая жабылғаннан бері қауіп те көбейді. Атқан таң мен батқан күндей жақсылық пен жамандық бір-бірімен жағаласа жұлқысып жатқан жайы бар. Жан шырылы- ел ішіне дендеп болмаса да, ендеп еніп келе жатқан жат діндердің уытына уланған адамдардың қайғы-қасіреті. Солардың ата-аналарының перзент үшін күйінген, бауыр еті баласы үшін қайғының уын ішкен сәтіндегі ғазиз жандарының өзектерін өртеген өкініші.
Қос қақпаның арасынан жол таппай аңырған, жөн таппай аңыраған, көкірегіне тұз сеуіп жібергендей күйзелген, шыбын жаны шырқыраған жанның шырылы. Мұншалық ауыр, мұншалық ащы болар ма?!
Тығырықтан шығар жол қайда? Қаупі мол, қатері көп асудан өтіп, бақытқа бастар, имандылыққа ұйытар жазиралы өлкеге жол түсірер өткелден қайтып өтпекпіз? Сансыз сауалдар сананы сегізге, ойды онға бөлген уақытта жауап іздесеңіз жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасына келіңіздер.