жаналыктар
-
21.11.2024
20,21,22 қараша
Гастрольдік сапар
-
20.11.2024
Бір ауыз пікір
Серік Жетпісқалиев
-
18.11.2024
ҚР "Мәдениет қайраткері" театр және актері
Жарас Қалдаровтың 50 жасына орай
-
13.11.2024
"Мен деп ойла" Дара толғау
Шығармашылық кеш
"Біржан салдың шідері" Б. Әлімжанов
лирикалық драмаАвторы – Баянғали Әлімжанов
Қоюшы режиссері – Сафуан Шаймерденов
Қоюшы суретші – Ибрагим Исенов
Киім үлгілерін жасаған – Ляйля Набиева
Қойылым уақыты – 1 сағат 30 минут
Кейіпкерлер мен орындайтындар
Біржан сал – Жарас Қалдаров, ҚР«Мәдениет қайраткері»
Ләйлім – Баршагүл Малғаждарова
Көлбай – Қайрат Мырзаболатов,ҚР«Мәдениет қайраткері»
Жеңгей – Айна Жүнісова, ҚР«Мәдениет қайраткері»
Зафура Арзымбетова, ҚР«Мәдениет қайраткері»
Балуан Шолақ – Зүлкәпіл Батихан
Әзілкеш – Бағлан Иманғазинов, ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Шабарман – Асылбек Ташимов
Қайнаға – Еркін Тасболатов
Көпшілік сахнада – театр артистері
Қойылымда Алаштың ардагері Біржан салдың иірімі мол өмірінің бір сәті ғана баяндалады. Ол сәт – жарық дүниенің жарқын сәулесіне іңкәр, сұлулыққа құштар Біржан салдың ай дидарлы Ләйлімге ғашық болуы. Ынтыққан, үздіккен жүректер. Ләйлім де Біржан салға ғашық. Ғашықтық баяны таңғы шықтай мөлдіреген тазалығымен, Арқаның ақ самалындай қуатымен өріледі. Ғашық болып көргендер ғана түсініп, түйсінетін нәзіктік. Ұлылардың ұлық бейнесіне ғана тән, болмысына ғана байлаулы тереңдік.
Шығарма - тарихи деректі емес, көркем дүние. Көркем дүниеде ғашық жүректердің лүпілі, ынтық көңілдің ұмсынуы аңғарылып тұрады. Аңғарылып қана емес, атойлап, әйгілеп.
Ән падишасы Біржан салмен бірге Алаштың әйгілі перзенті Балуан Шолақтың бейнесі де шығарма тінін бекіте түседі. Биік таулардың, асқар шыңдардың бір-бірімен салыстырғанда ғана асқақтығы сезіледі емес пе? Алаштың қос перзенті де бірін-бірі биікке көтеріп, аспандатып тұрғандай. Аспандататын құдірет-сұлу да сырбаз, бойды балқытатын, көңілді шалқытатын ән.
Әлемдегі құдіретті күш-ұлы махаббат. «Біржан салдың шідері» махабаттың таусылмайтын жырындай.