жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

"Құштарлық" трамвайы"

драма "Құштарлық" трамвайы"

Автор - Теннесси Уильямс

Қоюшы режиссёр – Болат Абдрахманов

Қоюшы суретші – Кира Петрова (Ресей, Санкт-Петербург қ.)

Қоюшы суретшінің ассистентері – Ибрагим Исенов, Айсұлу Шайкенова

Музыкамен көркемдеген – Арман Ищанов

 

Қойылымның ұзақтығы - 2 сағ. 20 мин., бір антрактпен

Премьера 2014 жылдың ақпан айының 26-сы

 

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Бланш Дюбуа – Маржан Бөкешова (ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері ), Айна Жүнісова (ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері)

Стелла – Гүлмира Жакилина, Еркежан Мұратхан

Стенли Ковальский – Бағлан Иманғазинов (ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері)

Митч – Зүлкәпіл Батихан, Төлеубек Көңбай (ҚР «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері),

Стив – Қайрат Мырзаболатов (ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері), Құмарбек Қалқатаев (ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері)

Юнис – Жанар Құсайынова (ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері), Зафура Арзымбетова (ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері) 

Пабло – Ерқанат Сәбитов

Жас жігіт – Асылбек Ташимов

Алан - Асылбек Ташимов

Мексикалық әйел – Мақпал Сүлейменова

Дәрігер – Асланбек Шайсұлтанов, Мейрамбек Мұхатай

Қараушы әйел – Баршагүл Малғаждарова, Ғалия Қорабаева

 

Өмір қиыншылықтарына тап болған Бланш Дюбуа Нью-Орлеанға келеді. «Құштарлық» атты трамвай оны апасының үйіне әкеледі. Қатыгез дүниеден жасырынбақшы болған Бланш туған адамы Стелла Дюбуаның үйінде пана табамын деп үміттенеді. Алайда, үміті бірте-бірте үзілуде… Қауіп-қатердің жақындағанын сезіну оны Стенлиден және басқаларынан құтқара алмайтын жұп-жұқа шымылдықтың артына тығылуға мәжбүрлейді.  Пьесаның мазмұны бойынша Бланш жындыханаға қамалады, спектакльде болса, режиссер оның аянышты күйін сезініп, о дүниеге аттандырады. Бланштың сүйіктісі Алан, бұл жолға оны қолынан ұстап жетелейді.      Трагедия емес, ауыртпалық пен азап шегу, қасірет алдындағы адамдық намыстың тағдыры мен болмысы жөніндегі спектакль.