жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Жетім тағдыр"
(драмалық оқиға)Авторы - Жабал Ерғалиев
Қоюшы режиссері – Сафуан Шаймерденов
Режиссердің ассистенті – Қайрат Мырзаболатов
Қоюшы суретші – Айдана Бисембаева
Киім үлгілерін жасаған – Айдана Бисембаева
Қойылым уақыты – 1 сағат 10 минут
Премьера – 17, 19, 20 қараша 2013 жыл
Кейіпкерлер мен орындайтындар
Сәбит - Самат Шаймерденов
Мұхит - Төлеубек Көңбай
Сауле - Анар Измуханова, Гүлмира Жакилина
Жазира - Мақпал Сүлейменова
Райбек - Қайрат Мырзаболатов
Тамара - Ризат Қылышбаева
Адик - Ерқанат Сәбитов
Шахан - Бағлан Иманғазинов, Зүлкәпіл Батихан
Елена Ивановна - Баршагүл Малғаждарова
Дәурен - Манарбек Хыдырбай, Еркін Тазболатов
Әзина - Айжан Шәріпова
Құмар - Мейрамбек Мұхатай
Жетім тағдыр. Мынау жарық дүниеде жан-дүниеңді тұз сепкендей ашытатын, көкірегіңді мұң тұмшалайтын сәттер аз ба?! Таң мен түннің алмасқаны тәрізді дүние дүние болып жаралғалы жақсылық пен жамандық ешқашан жеңімпазы анықталмайтын майданға түсіп келеді. Тұмшалаған қорғасындай қара бұлттың арасынан жалқын сызат жарқ ете ме қалай? Үлбіреген, нәп-нәзік үміт оты тәрізді. Қызыл жалқын кеңістік жақсылықтың жарқын бояуымен бояла алар ма еді. Сол сәтте адалдықты аңсаған көңіл сабыр тауып, сабасына түсіп байыз табар ма...
Жетім тағдыр пенде ғұмырдағы сан алуан сұрақтарға жауап іздететін күрделі шығарма. Түпқазығы адалдық, талпынары шындық. Таразының басын қайсы тартатынын білгіңіз келсе, нақ осы жолы қапы қалмаңыз.