жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"1 000 000, немесе Zero" Эрик Элис, Роджер Риис
романтикалық триллер«Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері, театр артисі
Қайрат Мырзаболатовтың 50 жылдық мерейтойына арналған бенефис
Авторлары – Эрик Элис, Роджер Риис
Қоюшы-режиссёрі – Болат Абдрахманов
Суретшісі – Кира Петрова (Санкт-Петербург қ., Ресей)
Музыкалық безендіру – Арман Ищанов
Қазақ тіліне аударғандар – Байқал Баяділов, Фархадбек Қанафин
Рольдерді орындайтын: Қайрат МЫРЗАБОЛАТОВ, Жанар ҚҰСАЙЫНОВА
Орта жастағы ағылшындық ауқатты әйел Филлипа Джеймс, оның күйеуі Ричард Джеймске ұқсайтын, Данкэн Мак Фи қаңғыбасты өз үйіне ертіп әкеледі. Өмірлік жолдасы жуыр арада Панамадағы демалыс кезінде қайтыс болған көрінеді. Филлипа Данкэнге бір миллион фунт стерлингке келісімшарт ұсынады. Оның шарты мынадай: Данкэн бір жұманың ішінде Филлипаның жары Ричард Джеймстың кейпіне енуі тиіс. Дәл келесі жексенбіде Джеймс отбасының достары Ричардтың 45 жылдығына жиналады. Бұл жиында Данкэн, барлық достарды және марқұм анасының сенім білдірілген өкілдерін, оның Ричард Джеймс екендігіне сендіруі қажет. Тек сол жағдайда ғана Данкэн сәйкес құжаттарға қолын қоя алады. Одан кейін олар, Ричард Джеймс анасының қорында жатқан, өсиет ретінде қалдырған, бір миллион фунт стерлингке қол жеткізе алады. Данкэн Филлипаның сүйген жарынан аумайтын, қаңғыбас кейпінен ағылшын джентльменіне айналады. Филлипа мен Джеймстың арасында ғашықтық сезімі пайда болады. Туған күн кешінен кейін Данкэн мен Филлипа қомақты ақша сомасын алып, оны тең бөлісулері тиіс. Бірақ… осы жерден бар қызық басталады. Өмірде егжей-тегжейіне дейін барлығын жоспарлап, санап қою мүмкін емес. Кей кезде махаббат пен ақшаның арасында таңдау жасау қажет. Өкінішке орай, Филлипа қалаған бір миллион фунт стерлингке қоса махаббат берілмейді.
Спектакльдің ұзақтығы 1 сағат 20 минут
Қойылым қазақ тілінде ұсынылады.
Орыс тіліне ілеспелі аудармасы бар.
16 жастан асқан көрермен аудиториясына рұқсат етілген.