жаналыктар
-
21.11.2024
20,21,22 қараша
Гастрольдік сапар
-
20.11.2024
Бір ауыз пікір
Серік Жетпісқалиев
-
18.11.2024
ҚР "Мәдениет қайраткері" театр және актері
Жарас Қалдаровтың 50 жасына орай
-
13.11.2024
"Мен деп ойла" Дара толғау
Шығармашылық кеш
"Бремен музыканттары"
(музыкалық ертегі)Авторы – Юрий Энтин, Геннадий Гладков
Қоюшы – режиссер – Фархадбек Қанафин
Қоюшы – суретші – Жанарсхан Исин
Киім үлгілерінің суретшісі – Айсұлу Шайкенова
Хареогаф – Елена Деденко
Жанры – музыкалық ертегі
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат
Премьера – 22, 25.10.2013
Басталуы- 10.00, 12.00.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Ақымақ Король –Медет Хамзин
Ханшайым – Ақмарал Жайлауова
Кернейші – Зүлкәпіл Бәтихан
Төбет – Баршагүл Малғаждарова
Әтеш – Анар Измуханова
Мысық – Айна Жүнісова
Есек – Манарбек Хыдырбай
Күзет басы – Бағлан Имангазинов
Аласа жасауыл –Айжан Шарипова
Сайқымазақ - Самат Шәймерденов
Ғұлама тыншы –Гүлмира Жакилина
Қарақшылары атаманшасы – Маржан Бөкешова
Қарақшылар – Ризат Қылышбаева, Мақпан Сүлейменова
Бремен музыканттары ертегісі жасөспірімдердің жан-дүниесіне ізгілік ұрығын себетін, жақсылыққа баулитын қойылым. Басты мақсаты да сол. Қойылымның өне бойында ертегі кейіпкерлерінің кескін келбетінен, бітім-болмысынан ақ көңілділік, ізгілік, мейірімділік есіп тұрады. Әрі олар шынайы өнерге бейім. Осы қойылымды қойып, жасөспірімдерді ертегі әлемінің таңғажайып сиқырлы тұрығына бойлату арқылы олардың бойындағы ізгілікті, ізетті қасиеттерді дамытуға болады. Сол арқылы жас толқынның жан-дүниесіндегі бір-біріне деген сыйластық сезімдерін арттырып, достыққа баулуға, адамгершілікке үйретуге негізделеді.
Кейіпкерлердің сахнадағы іс-әрекеті, сөйлеген сөздері тіпті іс-әркеттері де ешкімді бей-жай қалдырмайды. Бремен музыканттыры ертегісі жеке бір ұлттың ұлық бейнесін сомдайтын шығарма емес. Өзінің идеясы, оқиғалардың астары, мәні-мазмұны жалқыға ғана емес, жалпыға ортақ шығарма.Адамгершілік өлшемдерінің өрісін кеңейтетін өршіл шығарма сахнаға шыққан кезде әдемі кейіпке енеді.Тәрбиелек мәні, өміршеңдік қуаты мол көркем дүние қай заманда болмасын шынайы тәрбиенің құралы.