жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Империядағы" кеш"
(драма)
"Империядағы" туған күн кеші"
Премьера 21.10.2012ж.
Авторы: Серік Асылбекұлы
Жанры: драма
Қоюшы-режиссер: Сафуан Шаймерденов
Қоюшы-суретші: ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Мақсұт
Рольдерді ойнағандар:
Айдар – Бағлан Иманғазинов
Ұлжалғас – Гүлмира Жакилина
Болат – Дархан Қасенов
Берікбол - Зүлкәпіл Батихан
Сұлтанбек – Қайрат Мырзаболатов
Гүлден – Миргүл Құлмағанова
Тойболды – Медет Хамзин
Нұрсұлу – Жанар Құсайынова
Сәния – Баршагүл Малғаждарова
Фараби – Самат Шаймерденов
Музыкант – Елтай Мұстанов
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі туындаған қазақ драматургиясының бірі. Заман өзгерді, уақыт өзгерді, адам психологиясы өзгерді... Ал, адам өзгерген жоқ сол баяғы қанға сіңіп кеткен озбырлық, көреалмаушылық, жағымпаздық, қызғаншақтық, сатқындық «қасиеттерді» айқын ашатын қойылым.
Басты кейіпкер Айдардың айналасында бір кеште болып өткен уақиға. Оның әйеліне, баласына, туған інісіне, достарына деген көзқарасы... бұрынғы қарапайым мұғалім Айдар қандай, аяқ астынан байып кеткен Айдар қандай, байлықтың, ақшаның «буы» адамды танымастай өзгертетініне көзімізді жеткізеді.
Қалталы адамның әрқашан дәрежесін жоғары көтеріп, пайдасы тиіп қалар деп жағымпаздықтың үлгісін танытқан Тойболды да, қызғаныштың қызыл итіне жем болған профессор Сұлтанбек те спектакльдің көркін қыздыратын кейіпкерлер.
Адам рухани, ішкі жан дүниесінің тоқырауға түскенін өзі біліп сезіне ме? «Империядағы кеш» қойылымының көрерменге қояр басты сауалы осы, айтар ойы – адамгершілік пен кей адамның бойынан табыла бермейтін имандылық...