жаналыктар
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
«О, Қыздар!»
комедиясы
Авторы- Сұлтан Раев
Режиссері- Фархадбек Қанафин
Қоюшы суретші – Мұрат Мақсұт
Әуенін құрастырған – Арман Ищанов
Би қоюшы – Евелина Кешишиди
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 40 минут
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Жарқынай – Жанар Құсаинова
Пери– Гүлнұр Қожанова
Флюра – Маржан Бөкешева
Зейне – Ғалия Қорабаева
Қарлығаш – Мақпал Сүлейменова
Жігіт – Санжар Ақмағамбетов
Комендант – Мейрамгүл Апсалям
Қазіргі заманда айналып өте алмайтын өмірлік мәселелерден көп ештеңе жоқ. Алақандай ауылдан өз орнын таба алмай арман іздеп, бақыт іздеп қалаға ағылып жатқан қыздар аз ба?
Алайда оларды алда нендей бақыттың бастауы күтіп тұр? Өмір өзің ойлағандай бола бере ме? Жатахананың қуықтай бөлмесін паналап, аз-кем нәпақамен күн көріп, жастық жалын дәурендерінің жарқын сәттерін жадағай тіршілікте еріксіз жеңдіре алмай жүрген бөлмелес төрт қыздың арман аңсарлары алыстап бара жатқандай. Жар құшып бала сүю-әр бір қыздың өмір мақсаты. Қыз үшінгі ең басты бақыт осы шығар. Бірақ та, кері кеткен кесір болмыс, керенау қоғам, арзан дүниені алданыш қылған жеңіл ойлы, жел мінез қыздардың аңсаған арман құсын тым алыстатып тұрған жоқ па? Қалай айтқанменде қыз тағдыры қылдан жіңішке, жібектен нәзік. Ұлтты құртудың ең төте, ең тиімді, оңай жолы ол – сол ұлттың қыздарын қор ету. Спектакльдің нәзік ирониясы, соңғы драмасы осыны айтады.