жаналыктар
-
30.12.2025
Репертуар!
2026 жылғы Қантар айының репертуары
-
30.12.2025
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар.
-
29.12.2025
Инклюзивті балаларға арналған, қайырымдылық акция.
Жаңа жылға арналған "Ғажайып шырша" ертегісі
-
24.12.2025
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"Ойна!Ойла!" интерактивті ертегі автор және режиссер:А.Сәбит
«Адамдар мен тышқандар» драма
автор Дж.Стейнбек, қоюшы режиссері - Б.Абдрахманов«Біреуге жалданып ранчода жұмыс істейтін біз сияқты жігіттер, өмірдегі ешкімі жоқ адамдар. Олардың үйі, жанұясы жоқ. Олар ранчоға бірдеңе тапқысы келіп келеді, сосын бар тапқан ақшасын қалаға барып әр түрлі нәрселерге жұмсайды. Олардың болашағы жоқ. Ал біз мүлде бөлекпіз. Ал біз не үшін бөлекпіз? Себебі сенде мен, менде сен болғандықтан. Біздің болашағымыз бар. Менің де, сенің де сөйлесетін, қамқоршы болатын адамдарымыз бар. Болашақта жұмыс істеп, аздап ақша жинап, бірнеше акр жер мен кішкентай үй сатып аламыз. Сиыр, шошқа және… Және өзіміз қожайын боламыз! Қояндар асыраймыз! Бізде үлкен жеміс-жидегі бар бақша болады. Тауық қора… Қояндарға арналған қора. Ал қыста жұмысқа бір қол сілтеп, пеш жағып қасында отырамыз. Жаңбыр тамшыларының шатырға тиген дауысын естиміз…» Дж. Стейнбек.
Спектакль сенім, үміт пен махаббат туралы. Жалған өмірдің кесірінен өшкен АРМАН туралы. Кез келген адам ол бақытты бола алатын жер түкпірін іздеп табуды армандайды. Сонымен Роберт Бернстің өлеңінен алынған табиғат күшіне және өмірдің өзіне қарсы келе алмайтын адамдар мен жануарлардың әлсіздігі, дәрменсіздігі туралы повесть атауы шыға келеді.
Бірақ адамдар да тышқандар сияқты өмірдің өзіне қарсы тұруға әлсіз екендігін түсінеді. «Жұмаққа барар жол болмас, дүниеде басар жер қалмас» - деп кейіпкердің біреуі айтады.