вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
04.06.2026

«Алтын балапан» ертегісінің сахнада жүргеніне 10 жыл толып отыр.

Құттықтаймыз! ????

Бүгін, 4 маусым күні Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры сахнасында балалардың сүйікті қойылымына айналған «Алтын балапан» ертегісінің сахнада жүргеніне 10 жыл толып отыр.

2016 жылдың 4 маусымында алғаш рет көрерменге жол тартқан бұл қойылым он жыл бойы театр репертуарынан түспей, мыңдаған бүлдіршінге қуаныш сыйлап келеді.

Осы мерейлі күнмен спектакльдің қоюшы режиссері Болат Абдрахмановты, қойылымда еңбек еткен барлық шығармашылық құрамды, актерлерді, сахна сыртындағы қызметкерлерді және театрдың адал көрермендерін шын жүректен құттықтаймыз!

Балалардың шат күлкісі мен ыстық ықыласына бөленген «Алтын балапан» ертегісінің ғұмыры ұзақ болып, әлі талай ұрпақтың сүйікті қойылымына айнала берсін!

???? Премьера күні: 4 маусым 2016 жыл