вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
04.06.2026

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, елдік рухы мен ұлттық құндылықтарының айқын белгісі.

Рәміздеріміз – әрбір қазақстандықтың мақтанышы, Отанға деген сүйіспеншілігінің көрінісі.

Осы мерейлі күнге орай Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, ел рәміздеріне деген құрметін білдірді.

Тәуелсіз еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, елтаңбамыз айбынымызды асқақтатып, әнұранымыз халқымыздың жүрегінен мәңгі орын ала берсін!

Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!