жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
01.06.2026

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

Балаларды қорғау күні құтты болсын! 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында А.Машадудың «Бразилия байлығы» ертегісі сахналанып, кішкентай көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шара барысында бүлдіршіндерге балмұздақтар таратылып, олардың қуанышына қуаныш қосылды.

Осы игі бастамаға қолдау көрсетіп, балмұздақтармен демеушілік жасаған «Көкшетау Гормолзавод» ұжымының басшысы Ерсайын Дулатұлы Жақсылықовқа шынайы алғысымызды білдіреміз.

Балаларға қуаныш сыйлауға атсалысқан азаматтық жанашырлығыңыз бен қолдауыңыз үшін ризашылығымыз шексіз.
Ұжымдарыңызға береке-бірлік, мол табыс, еңбектеріңізге толағай жетістік тілейміз! Істеріңіз әрдайым ілгері басып, абыройларыңыз арта берсін!