жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
28.05.2026

XXIX театр маусымы жабылды!

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры XXIX театр маусымын қырғыз әдебиетінің көрнекті туындысы — «Қызыл алма» мелодрамасымен қорытындылды.
Шығарманың авторы — Шыңғыс Айтматов.
Қоюшы режиссері — Баатырбек Шамбетов.
Маусым жабылу салтанаты театр ұжымының шығармашылық жетістіктерін қорытындылаған ерекше кешке айналды. Кеш барысында дәстүрге сай Шахаң театрының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардақты тұлғалардың есімімен аталатын театрішілік арнайы сыйлықтар табысталып, бірқатар өнер майталмандары марапатталды.
Өнерге деген адалдық пен көрерменнің ыстық ықыласы театрға шабыт сыйлап келеді. XXIX театр маусымы талай тағылымды қойылымдармен, жарқын премьералармен және естен кетпес кездесулермен есте қалды.
Қадірлі көрермен, бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Келесі театр маусымында жаңа қойылымдармен, тың жобалармен және жақсы жаңалықтармен қайта қауышқанша!