жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
26.05.2026

ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күні!

Құттықтаймыз!

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаушылардың бірі, театр және кино актеры, ардақты әріптесіміз Төлеубек Көңбайұлы “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ” жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Бұл – өнер жолындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбек пен сахнаға деген адалдықтың, көрермен ықыласына бөленген шығармашылықтың лайықты бағасы. Театр өнерінің дамуына қосқан сүбелі үлесіңіз бен ұлттық мәдениетке сіңірген еңбегіңіз әрдайым құрметке лайық.
Әріптесімізді мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасы амандығын, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!
Өнеріңіз өрлей берсін!