жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
«ОН ЕКІНШІ КҮН» ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
Халық әртісі, ақ жаулықты актриса Жібек Бағысованың репертуарын жандандырып, көрерменмен қауыштыру мақсатында сахналанған Мар Байжиевтің «Он екінші күн» комедиясы көрерменге жол тартып, жылы қабылданды. 85 жаста сахна төрінде өнер көрсету – сирек ерлік, өнерге адалдықтың биік көрінісі.
Қойылымды Төлеубек Көңбай сахналады.
Шығармада тілдік алшақтықтан туындаған тұрмыстық әрі рухани қайшылықтар юмор арқылы өріліп, ана тілі мен ұрпақ сабақтастығы мәселесі терең астармен жеткізіледі. Күлкі мен тағылым үндескен қойылым көрермен көңілінен шықты.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Болдухан – Жібек Бағысова (ҚР халық әртісі)
Мұқамбет – Төлеубек Көңбай (ҚР мәдениет қайраткері)
Сүйімхан – Маржан Букешева (ҚР мәдениет саласының үздігі)
Асқар – Асылбек Ташимов
Дездемона – Арайлым Айжарық
Мар Байжиев – сатира мен әлеуметтік тақырыптарды шебер ұштастырған көрнекті қаламгер. Айтар ойы салмақты, көркемдік шешімі үйлескен бұл қойылым театр репертуарын толықтырған тағылымды туындыға айналды.
https://www.facebook.com/share/p/1HYST4DamK/


