жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
"ҰЛТТЫҚ КИІМ -ҰЛТ НАМЫСЫ" атты театр қызметкерлері арасында
18 НАУРЫЗ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды шара өтті.
Іс-шара барысында қазақы нақышта ерекше сәнмен киінген қызметкерлерге «Әйелдер күші альянсы» мен "Re women" атынан арнайы кәдесыйлар табысталып, ұлттық киімнің көркемдігі мен мән-маңызы кеңінен насихатталды. Екіжақты ынтымақтастықта өткен бұл игі бастама көпшілікке ерекше әсер сыйлап, рухани жылулыққа бөледі.
Сондай-ақ театрға арнайы ат басын бұрған меймандарға алдағы премьераға шақыру билеттері мен шағын сыйлықтар ұсынылды.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы, рухтың көрінісі. Осы бағытта белсенділік танытып, ұлттық мұраны ұлықтауға үлес қосқан барша әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.


