жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Халықаралық әйелдер күніне орай
"Алло, мама": жүректі елжіреткен қойылым
Халықаралық әйелдер күніне орай барша аналарға тағзым ретінде сахнада жүрекке жол табар «Алло, мама» драмасы ұсынылды.
Авторы – Барзу Абдураззаков
Қоюшы режиссері – Тасқын Мажитов.
Қойылымда Жібек Бағысова мен Төлеубек Көңбай тандемі көрермен көңілін баурап, сахнадағы шынайы сезім арқылы көптің жүрегін толқытты. Ана мен бала арасындағы сағыныш пен аңсарды арқау еткен бұл драма адам жанының ең нәзік қылын шертіп, әр көрерменді терең ойға қалдырды.
Қала тірлігіне алданып, бір ауыз жылы сөз айтуға уақыт таппай жүрген ұлын сағына күткен жалғызбасты қарт ананың бейнесін сексеннің сеңгіріндегі Жібек Бағысова аса шынайы, жүрекке жетерлік деңгейде сомдады. Сахнада өмірдің өз шындығындай көрінген сол бейне көрерменді бейжай қалдырмады. Сегізінші ондықты еңсерген актрисаның шебер ойынын көзбен көріп, көңілмен сезіну – көп көрерменге бұйыра бермейтін бақыт екені анық.
Бұл қойылым бір ғана ойды жүрекке жазып кеткендей:
Ана – бар кезде қадірлі. Ана – бар кезде жарық.
Сондықтан да,
егер анаңыз аман болса – бүгін-ақ телефон шалып, “Мен сізді жақсы көремін, ана!” деп айтыңыз.
Өйткені ананың жүрегі бір ауыз жылы сөзге де мәңгі мейіріммен жауап береді.

