жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
"Алтын қақпа" комедиясы, авторы:Е.Уахитов,қоюшы-режиссер:М.Оспанов ҚР "Еңбек сіңірген қайраткері"ҚР "Еңбек сіңірген қайраткері"
"Алтын қақпа" комедиясы – көрші тұрған қазақ пен өзбек отбасының арасындағы қарым-қатынасты әзіл-сықақ арқылы бейнелейтін тәрбиелік мәні бар туынды.
Екі көрші – бірі қазақ, бірі өзбек – тату-тәтті өмір сүріп жатады. Достықтары нығайып, балаларын үйлендіріп, құда болып араласады. Барлығы жақсы басталғанымен, күтпеген жерден алтын тауып алған соң, олардың арасына дүниеқоңыздық пен қызғаныш түседі.
Алтын кімге тиесілі деген дау екі отбасының арасына сызат түсіріп, үлкен кикілжіңге ұласады. Бұрынғы татулық ұмытыла бастайды.
Алайда оқиға соңында олар байлықтан гөрі адамдық, достық пен туыстықтың қымбат екенін түсінеді. Ақырында екі жақ татуласып, ынтымақ пен бірлік жеңіске жетеді.
???? Қойылымның негізгі идеясы
Байлық – уақытша,
Достық пен туыстық – мәңгілік,
Ұлттар арасындағы сыйластық пен бірлік – басты құндылық.
Комедия жеңіл әзіл арқылы көрерменге үлкен ой салады. Қазақ пен өзбек халқының бауырластығын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын шынайы әрі күлкілі сәттермен көрсетеді.
