жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
18 ақпан Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында "Алтын қақпа" комедиясының премьерасы өтті!
Авторы: Е.Уахитов
Қоюшы режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті азаматы, Шахаң театрының негізін қалаушы корифей Мұратбек Оспанов
ПРЕМЬЕРАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ СӘТТІ ӨТТІ
Әзілмен әдіптеліп, әнмен әрленіп, бимен көмкерілген «Алтын қақпа» комедиясының алғашқы күнгі премьерасы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, сахна шымылдығын шаттықпен түрді. Зал толы күлкі мен қол шапалақ – қойылымға берілген шынайы баға болды.
Бұл – бір сәтке болса да күйбең тірлікті ұмыттырып, көңілге нұр, жүрекке жылу сыйлайтын ғажап туынды. Әзіл астарындағы өмір шындығы, әсем ән мен жарасымды би көріністері сахна сәнін кіргізіп, көрерменді ерекше әсерге бөлейді.
Биін қойған – Ғазиза Алимбаева.
Жанын салып ойнаған әртістер қауымына және тұтас шығармашылық құрамға шынайы алғыс! Сахнадағы шынайылық пен шабыт көрермен жүрегіне жол тапты.
19 және 22 ақпан күндері премьера жалғасын табады. Көріп үлгермесеңіз, асығыңыз, мәртебелі көрермен! «Алтын қақпаның» ар жағында сізді шаттық пен шапағатқа толы кеш күтіп тұр! ????

