жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
23.01.2026
ШАХАҢ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА РЕЖИССЕР!
ШАХАҢ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА РЕЖИССЕР!
Елімізге танымал талантты режиссер, ҚР "Мәдениет саласының үздігі" Баатырбек Шамбетов Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына қоюшы-режиссер болып тағайындалды.
Баатырбек Рысқұлұлы өзінің сара жолын қалыптастырып, сырлы сахнада сахналаған қойылымдары көрермен көңілінен шығып, түрлі театр додаларында топ жарып жүрген дара дарын иесі. Бұған дейін Шахмет Құсайынов театрында М.Гаппаровтың "Киотоға жол", Т.Әбдіктің "Өтелмеген парыз" қойылымдарын сәтті сахналағап театр репертуарын толықтырған әріптесімізге сәттілік тілеп, құтты болсын айтамыз! Шахаң театрымен бірге жететін жеңісті күндеріңіз көп болсын! Шығармашылық табыс, қажымас қайрат, сарқылмас шабыт тілейміз!