жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
ҚР "Мәдениет қайраткері", "Дара" төсбелгісінің иегері Жанар Құсайынованың 55 жасқа толғанына орайластыра А.Цагарелидің "Ханума" музыкалық комедиясы көрермен назарына ұсынылды
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаушы актрисалардың бірі, ҚР "Мәдениет қайраткері", "Дара" төсбелгісінің иегері Жанар Құсайынованың 55 жасқа толғанына орайластыра А.Цагарелидің "Ханума" музыкалық комедиясы көрермен назарына ұсынылды. Режиссері Болат Абдрахманов. Кеш соңында, шығарманың бас кейіпкері Хануманы жоғары деңгейде ойнап көрермен қошеметіне бөленген сахна саңылағына Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы ақ тілегін арнап Мәдениет министрлігінің және облыс әкімі Марат Ахметжановтың құттықтау хатын жеткізді.
Сондай-ақ облыстық кәсіподақ басшысы Марат Молдашұлы театр администраторы Кеңшілік Рысбайзын зейнет жасына жетуімен құттықтап "Еңбек даңқы" төсбелгісімен марапаттады. Марапат алған қос әріптесімізге құтты болсын айтамыз!


