22.12.2025

ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!

"ҒАЖАЙЫП ШЫРША" ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

22 желтоқсан күні қазақ театрында Жаңа жыл мерекесіне орай балаларға арналған "Ғажайып шырша" ертегісінің премьерасы сәтті басталды.

Авторы: Болат Ұзақов
Қоюшы режиссері: Медет Хамзин

«Ғажайып шырша» — достық пен мейірім тақырыбын арқау еткен, шытырман оқиғаларға толы қызықты қойылым. Ерекше мінезді достар – Құлыншақ, Ботақан, Қозы және Алыпсоқ жаңа жылдық шыршаны орманнан әкелу жайында ақылдасады. Алайда, шыршаны іздеуге аттанған Қозы түрлі кедергілер мен қызықты оқиғаларға тап болады. Қойылым балаларды достыққа, қамқорлыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелей отырып, мерекелік көңіл күй сыйлайды.