жаналыктар
-
03.11.2026
ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!
Сүйінші!
-
27.10.2026
Репертуар!
Қараша айының
-
27.10.2026
Репертуар!
Performances for children and teenagers of the month of November
-
22.10.2026
БАҚ НАЗАРЫНДА!
Халық әртісі Жібек Бағысова жайлы жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының терең толғамын "Арқа ажары" газетінен оқи аласыздар
III Халықаралық «ALMATY_PUPPET_FESTIVAL» қуыршақ театрлар фестивалінде
СҮЙІНШІ! ШАХАҢ ТЕАТРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ!
Әлемнің 13 елінен шығармашылық өнер ұжымы бақ сынаған III Халықаралық «ALMATY_PUPPET_FESTIVAL» қуыршақ театрлар фестивалінеде Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының Қуыршақ труппасы "Ортеке туралы аңыз" қойылымымен бақ сынап "ЖАҢА САХНАЛЫҚ ІЗДЕНІСІ ҮШІН" номинациясын жеңіп алды. Авторы және қоюшы режиссері: Ақжол Сәбит
Шығармашылық құрамға және Көкшетаулық көрерменге құтты болсын айтамыз. Айта кету керек, 13 мықты ұжым арасынан ең мықты деген 7 театр ұжымына ғана номинациясылар табысталды.
Қазақстан, Түркия, Ресей, Испания, Италия, Болгария, Иран, Әзірбайжан, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстанның ең талантты театр ұжымдары өнер көрсеткен театр бәйгесінде осындай нәтижеге қол жеткізу тәй-тәйлаған жас труппа үшін үлкен жетістік!
Үлкен мақтаныш!
