жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ІІІ күн ПРЕМЬЕРА! Авторы:А.Куросава, қоюшы-режиссері:Ш.Дыйкынбаев
«ДОДЕСКАДЭН» – түрлі тағдырларды арқау еткен, терең мағынаға толы тың туынды. Бұл шығарма Жапондық атақты кино режиссер Акира Куросаваның кино сценарийі желісі бойынша театр сахнасында тұңғыш рет сахналанды.
Қойылым арқылы көрерменге тек әлеуметтік мәселе емес, адам болмысы, арман мен қиялдың құдыреті, жаны жаралы жандардың ішкі драмасы жеткізіледі. Мұндағы әр кейіпкердің жан тебіренісі үміт пен үнсіздік арасындағы үнсіз күрестің шуы. До-дес-ка-дэн – жүрек дауысы.
P.S.
Мәртебелі көрермен, аталған спектакль – камералық театр үлгісінде қойылған ерекше форматтағы қойылым екенін ескеріңіз. Кейіпкерлер әлемін терең түсіну үшін спектакльді төрт тараптан, төрт рет тамашалау ұсынылады.
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Додескадэн – Жалғас Туйгунбеков;
Қария – Қайрат Мырзаболатов ҚР «Еңбек сіңірген қайраткері»;
Жезде – Медет Хамзин ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері,
оның әйелі – Маржан Букешова ҚР«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері,
Балдызы – Диана Ауталипова;
Шөтке жасау ісінің шебері – Ержан Аубакиров ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері,
оның әйелі – Әсем Шайсұлтанова;
Панасыздар – Асланбек Шайсұлтанов, Жансая Жұмабекова;
Бірінші отбасы – Нұрлыбек Тілеулес, Гүлнұр Қожанова;
Екінші отбасы – Санжар Ақмағамбетов, Ақерке Хасихан;
Хей – Мейрамбек Мұхатай,
оның әйелі – Қарлығаш Абдрахманова;
Ақсақал – Самат Шаймерденов ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері;
Тауар жеткізу бөлімінің қызметкері – Намыс Мақсатұлы;
Ұры – Әліби Мұратұлы;
Полиция – Азат Қайыржан;
Әйелдер – Мақпал Сүлейменова, Аяулым Елубай, Үмітжан Ахмет.

