жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Республикалық жасөспірімдер мен балаларға арналған үздік драматургия байқауында
МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДРАМАТУРГИЯ БАЙҚАУЫНАН ҚОС ЖҮЛДЕ АЛДЫ
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі, Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегері ақын, жазушы, драматург Манарбек Қыдырбайұлы Ақтөбе қаласында өткен Республикалық жасөспірімдер мен балаларға арналған үздік драматургия байқауында қос шығармамен бақ сынап қос жүлде алды. Әріптесіміз осы жеңісін Шахаң театрының алдағы 30 жылдық мерейтойына арнайтынын тілге тиек етті. Бойына сан өнерді тоғыстырған, сегіз қырлы, бір сырлы әріптесімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Қазақ сөз өнері мен драматургиясына қосатын сүбелі үлесіңіз көп болсын. Біз сізбен мақтанамыз. Жұлдызыңыз жарқырай берсін! Жазарыңыз таусылмасын, базарыңыз тарқамасын!

