жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында 2 күн Премьера оқиғасы әйгілі жапон режиссері Акира Куросаваның сценарийі бойынша қойылған «Додескаден» спектаклі болды.
Бұл қойылым — әлемдік кинематография тарихында есімі алтын әріппен жазылған ұлы шебердің әйгілі туындысын театр сахнасынаалғаш бейімдеу тәжірибесі. Спектакльдің режиссері — Шамиль Дыйканбаев, олтуындының жанрын «бір шағын қалашықтың трагедиясы» деп анықтады.
Терең мазмұнды және әсерлі пьеса әлеуметтік қырларымен қатар, өмірдің философиялық мәнін де қозғайды.
Кейіпкерлердің күнделікті қиындықтары арқылы адамның ішкі қайшылығы, рухани күйзелісі, үміт пен торығу арасындағы арпалысы, арманмен шындықтың қақтығысы ашылады. Спектакль кейіпкерлері — өмірдің шетінде қалған, әрқайсысының өз қайғысы мен жоғалтқаны, сонымен қатар адамдық қадір-қасиетін сақтауға деген талпынысы бар жандар.

