жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
XXIХ театр маусымының ашылуы
ШАХАҢ ТЕАТРЫ КЕЗЕКТІ ТЕАТР МАУСЫМЫН ПРЕМЬЕРАМЕН АШТЫ
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры 8 қазақ күні "ДОДЕСКАДЭН" қойылымының премьерасымен кезекті театр маусымын ашты. Шығарма әйгілі жапондық кино режиссер Акира Куросаваның кино сценарийі желісі бойынша сахналанды. Қоюшы режиссері Шамиль Дыйканбаев. Маусым ашар премьераға Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы арнайы қатысып, премьера мен тұспа-тұс келген театр анасы Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жібек Бағысованы туған күнімен құттықтап, ел президентінің құттықтау хатын жеткізді. Сондай-ақ облыс әкімі театр ұжымына ақ тілегін жолдап, қара шаңырақ Шахаң театрына заманға сай жаңа ғимарат салынатынын және жергілікті қазақ театрына режиссер мен әртістер тарту мақсатында әкімнің арнайы гранттары бөлінетінін ресми мәлімдеді. Осындай ақжолтай жаңалықтар жанға жылу, жүрекке жылу, қиялға қанат, шығармашылқта толағай шабыт сыйлайды. Өнерге соның ішінде театр өнеріне көңіл бөліп
ізгі бастамаларға жол ашқан облыс әкімі Марат Мұратұлына зор алғыс білдіреміз.
Құрметті көрермен, театр маусымының ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз!


