жаналыктар
-
12.02.2026
Театрымыздың администраторы Кеңшілік Рысбайқызы
Өнердегі өмір жолы жайлы "БҰҚПА!" газетінде мақала
-
10.02.2026
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
«АЛТЫН ҚАҚПА» Комедия, авторы:Е.Уахитов, қоюшы-режиссер: М.Оспанов ҚР "Еңбек сіңірген қайраткері"
-
09.02.2026
Мұзбалақ , жыршы Мұғали Мақатаевтың туған күні!
Қазақ поэзиясының Символы!
-
27.01.2026
Гастрольдік сапар
Ақмола облысы Зеренді ауданы
XXVIII театр маусымының жабылуы
КЕЗЕКТІ ТЕАТР МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ-музыкалық драма театрының XXVIII театр маусымы Төлен Әбдіктің "ӨТЕЛМЕГЕН ПАРЫЗ" драмасымен жабылды. Қоюшы режиссері Баатырбек Шамбетов. Театр маусымының жабылуына орай театр өнеріне қосқан үлесі үшін біршама театр қызметкерлері мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен және дәстүрлі театрішілік атаулы сыйлықтармен марапатталды. Барша марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Ақмола облысы мәдениет басқармасы атынан арнайы алғыс хатпен автобус жүргізушісі Жанат Есімжанов, қойма меңгерушісі Орынбасар Қошқарбайқызы марапатталды.
Ал театрішілік атаулы сыйлықтармен төмендегі қызметкерлер марапатталды:
Халық әртисі Жібек Бағысова атындағы арнайы сыйлықпен және алғыс хатпен – театр актрисасы Мақпал Сүлейменова;
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер Жақып Омаров атындағы сыйлықпен және алғыс хатпен театр актеры әрі режиссері Медет Хамзин;
Театр педагогы, білім беру ісінің үздігі Айжан Бәдірқызы атындағы арнайы сыйлықпен және алғыс хатпен - театр актрисасы Гүлнұр Қожанова;
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов атындағы арнайы сыйлықпен және арнайы алғыс хатпен театр актеры Нұрлыбек Тлеулес;
Мемлекеттік сыйлықтың иегер, суретші Мұрат Мақсұтов атындағы арнайы сыйлықпен және алғыс хатпен - суретші безендіруші Қонысбек Ұябай;
Жазушы, драматург Шахмет Құсайынов атындағы сыйлықпен және алғыс хатпен жарық беру цехының меңгерушісі Қанат Әкімбаев;
Театр басшылығы атынан арнайы алғыс хатпен және ақшашалай сертификатпен дыбыс жазу технигі Талғат Серікбай;
Қазақстанның «Еңбек сіңірген қайраткері» Қайрат Мырзаболатов атындағы сыйлықпен костюмер Бақытгүл Шаймерденова.


