жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
27 наурыз Халықаралық театр күніне орай Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында мерекелік іс-шара өтті. Шараға құрметті қонақ ретінде қатысқан Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Саят Төлегенұлы, "Аманат" партиясының өкілі Алмат Төлегенұлы, құттықтау сөз сөйлеп, өз тараптарынан біршама театр қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табыстаса, облыстық кәсіподақ төрағасы Қойшымарат Молдашұлы кәсібодақ атынан тігін цехының меңгерушісі Ботагөз Бекентайқызы мен сахна технигі Тұрғынбек Нәбиұлына "Еңбек даңқы" төсбелісін табыстады. Сондай-ақ театр басшысы Жарас Шотбекұлы ұжымға өз лебізін білдіріп Қазақстан театр қайраткерлері одағы атынан театр актрисасы, Мәдениет қайраткері Жанар Сатубайқызына театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін "Дара" төсбелісін және театр қайраткерлері одағы атынан біршама театр мамандарына одақ атынан алғыс хаттар табыстады.
Қазақстан театр қайраткерлері одағы атынан арайы алғыс хаттармен,
педагогикалық бөлім меңгерушісі Сәуле Қадыржанқызы, көркемдік-қойылым бөлімінің меңгерушісі Жұпар Мұратбекқызы, техник-реквизитор Айсұлу Досымбекқызы, тігінші Ольга Касенова, шебер-бутафор Жанна Елемесқызы, драма артисі Санжар Ақмағамбетов, қуыршақ театрының әртісі Нұрлыбек Өмірбекұлы, драма актрисасы Гүлнұр Дулатқызы, грим цехының меңгерушісі Айна Әменқыз, режиссер ассистенті Гүлбаршын Сұлтанқызы марапатталды.Шара соңында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің "Драма театр артисі" мамандығының 3 курс білім алушылары Қанат Жүнісовтың "Махаббат хикаясы" комедиясын ойнап ерекше көңіл күй сыйлады. Талантты жастарды өнерге баулушы ұстазы театр педагогы, театр актрисасы, Мәдениет саласының үздігі Маржан Арыстанбекқызына ұжым атынан алғыс білдіреміз. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз. Өмір қысқа, өнер мәңгі дейді. Театр өнері жасасын!
Халықаралық театр күніне орай Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің "Драма театр әртісі" мамандығының 3 курс студенттері айтулы мерекеге орай Қанат Жүнісовтың "Махаббат хикаясы" комедиясын ойнап театр қызметкерлеріне ерекше көңіл күй сыйлады. Талабы бар талантты жастарды өнерге баулып, адамдық пен адалдықты бойларына сіңіріп, актерлық өнердің қыр-сырын үйретіп жүрген театр педагогы, мәдениет саласының үздігі, театр актрисасы, курс жетекшісі Маржан Арыстанбекқызына зор алғыс білдіреміз! Үлкен сахнадан қаймықпай, суда жүзген балықтай болып еркін өнер көрсетіп жүрген болашақ жас артистердің қадамына нұр жаусын! Өнерлі өрендер жасасын!




