жаналыктар
-
23.04.2026
Мамыр айының , Балалар мен жасөспірімдерге арналған
Реперуары
-
20.04.2026
“Арылу” – тағдырлар тоғысқан қойылым
Мұхамет ТІЛЕУБАЙ, Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері, Көкшетау қаласы.
-
19.04.2026
"Үш қоңыр" Халықаралық әдебиет, мәдениет және өнер газеті
Манарбек Қыдырбай, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі, Көкшетау қаласы
-
16.04.2026
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"Арылу" музыкалық драма, авторы: Б.Абдуразааков, қоюшы-режиссері:О.Комис
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ
Биыл қазақтың біртуар ұлдарының бірі Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл. 20 наурыз тағылымды тағдыр иесінің дүние есігін ашқан күн. Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Елім деп өткен ердің 110 жылдық мерейтойына орай Қарағанды қаласында "ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ: ТАРИХ.ТҰЛҒА.ТАҒЫЛЫМ" ғылыми практикалық конференция өтті. Конференция аясында Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры Ерсайын Төлеубайдың "АЛДАСПАН" (Жұмабек Тәшенев) драмасын Қарағандылық көрермен назарына ұсынып Жұмабек рухын асқақтатты. Қойылымды жыйналған жұрт зор ықыласпен тамашалады. Шараны ұйымдастырушылар театр ұжымына ризашылығын білдіріп Жұмабек Тәшеневтің бейнесін театр мен кинода тірілткен театр және кино актеры Төлеубек Көңбайға шапан жауып алғыс хат табыс етті.
Іс-сапардағы басты асты мақсат, Ұлт үшін аянбай тер төгіп, қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалған дара перзенттің есімін ұлықтау.
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ:
« Солтүстік облыстарды Ресейге қоса салу - қазақты қорлау! Намысын жер жер ету. Қалыптасқан шаруашылық-экономикалық қарым-қатынастарды
біржолата құрту деген сөз. Халықтың тамырына балта шабумен бірдей. Мен Тың өлкесін ресейге бермек тұрмақ, бұл мәселенің күн тәртібіне қойылуына үзілді-кесілді қарсымын!».

