жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНДА КӨРІСУ КҮНІ
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНДА КӨРІСУ КҮНІ–АМАЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында көрісу күні – амал мерекесіне орай ұлттық құндылықтарды дәріптейтін театрландырылған көрініс көрсетіліп шашу шашылыды. Шараға ұлттық киім киіп сәнденген барлық театр қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ көрісу күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы аясында көрермен ретінде келген 200 - ге жуық бала "Көрісу" көрінісіне көзайым боп "Ару қыз бен Құбыжық" ертегісін тегін тамашалады. Қойылымнан соң балаларға тегін балмұздақтар таратылды.
Амал мерекесі — халықтың бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық тілейтін, қарым-қатынасты нығайтатын ерекше күн. Бұл күн көктемнің алғашқы белгісі ретінде табиғаттың жаңаруы мен тіршіліктің қайта оралуын білдіреді. Қазақ халқы бұл күні қыс бойы алыстаған туыстары мен көршілерімен қайта қауышып, амандық тілеп, өткен-кеткен реніштерді кешіреді.


