жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ЖУЫРДА ЖАҢА ПРЕМЬЕРА
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры жаңа жыл қарсаңында балаларға арнап '"Бремен музыканттары" қойылымын әзірленуде. Қойылым 20 - 30 желтоқсан аралығында ойналады.
Авторы: Ю.Энтин, В.Ливанов
Қоюшы режиссері: Медет Хамз
Қоюшы суретші: Ирина Лунга
Костюм бойынша суретші: Маймұра Топанбаева
"Бремен музыканттары" ертегісі жасөспірімдердің жан-дүниесіне ізгілік нәрін себетін, достық пен бауырмалдыққа баулитын қойылым. Ұзақ жолда табысқан достардың қызық хикаясы жас көрерменді қашанда қызықтырары анық.Оларды табыстырған, арманға жетелеген жол. Жолдар бізді үйден алысқа шақырып, көкжиектен шалғай жатқан жерлерге, бүкіл әлемді шарлауға шақырады.
Есек, ит, мысық және әтеш бірігіп, Бремен қаласына жолға шығады. Мақсаттары – қаланың музыканттары болу. Есек ақырып, ит үріп, мысық мияулап, әтеш шақырып, әрқайсысы өз әндеріне салатын – музыкалық ертегі кейіпкерлері кішкентай көрермендерімізді бей-жай қалдырмасы анық. Театрда қауышайық қәдірлі балақайлар.