18.11.2024

ҚР "Мәдениет қайраткері" театр және актері

 

САХНА САҢЛАҢҒЫ ЕЛУДЕ

 

      17 қараша күні театр майталманы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаушылардың бірі, театр және кино актеры, Қазақстан Республикасы "Мәдениет қайраткері ", "Ерен еңбегі үшін" төсбелісінің иегері,  өнер саңлағы, аталған театрдың басшысы Қалдаров Жарас Шотбекұлының 50 жас мерейтой жоғары дерәжеде өтті. Көрермен назарына  "Мен деп ойла " атты монодрама ұсынылды. Авторы: Мұқағали Мақатаев,  қоюшы режиссері Қуандық Қасымов. Мұқағали өлеңдері мен күнлеліктерінен құралғар қойылымды жалғыз өзі ойнаған талантты актер Жарас Қалдаров жүректерге сезім ұялатып терең ойға шомылдырды.  Ісшараны Жарас Шотбекұлының жанашыр жақындарымен, өнердегі жора жолдастары және сүйікті көрермендері тамашалады.

 

 Шараның екінші бөлімінде театр әртістері Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әдемі әндер ұсынды.  Сондай-ақ Астанадан арнайы келген "Бәйтерек" тобы Ж.Шотбекұлының әуеніне, ақын Қуаныш Оспанның сөзіне жазылған "Достарым" атты әннің тұсауын кесті.

 

 Кеш соңында өнер майдалманының ұстазы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр педагогы Машурова Рахилиям, Халық әртісі Жібек Есекеқызы ақ "Сырлы суреттер" атты фотоальбомның тұсауын кесіп,көрерменге шашу шашты.Жазушы-драматург Жабал Ерғалиев  пен  Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы ақ тілектерін ақтарып мәдениет министрлігінің алғыс хатын және облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.

 

 Жарас Шотбекұлы, 1974 жылғы 17 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

 

          Ол 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірісімен Көкшетау қаласында жаңа ашылған қазақ театрына  актер болып қабылданды. Театр шымылдығын алғашқы рет Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты»  спектаклімен  ашқан тәжірибелі режиссер Жақып Омаров жас актер Жарас Қалдаровтың талантын  жазбай танып   Ақан ролін сеніп тапсырды.  Осылайша алғашқы қадамын Арқаның ақ тұйғыны Ақан образын сомдаудан бастаған актер жиырма тоғыз жыл  ішінде кәсіби шеберлігін арттырып бүгінде Көкшелік көрерменнің ғана емес  күллі қазақ даласына есімі мәжһүр өнер майталманына айналды.

 

          Бойында тума талантымен сахналық сүйкімі жарасқан, жастық жалыны мен жауапкершілігі астасқан актердің қоржынында қай жанрдағы болмасын қойылымдардың басты кейіпкерлері жинақталып келеді. Бойын таптаурындылықтан  аулақ ұстайтын актердің әр кейіпкерінің өз болмысы бар, әр образын ізденіп, жан-жақты толғанып толыққанды етіп шығаратын актерлық ерекшелігі, өзіндік ойын машығы бар актер. 

 

Ш. Құсайыновтың  «Алдар  көсе» қойылымында   - Алдар көсені,  Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымында - Қозыны, Н. В. Гогольдің  «Ревизор» комедиясында - Городничийді,  Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасында  - Едігені, Ш.А.Ыдырысұлының  «Ағнұр» драмасында – Қылышбайды, С.Балғабаевтың  «Ғашықтар болмайтын ғасыр»  драмасында – Русланды, Д.Рамазанның «Кенесары-Күнімжан» драмасында – қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлын, Ж.Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасында – Абдурахман Ибн Халидті, Б.Әлімжановтің «Біржан салдың шідері» драмасында – Біржан салды, Е.Төлеубайдың «Алдаспан» тарихи драмасында – Н.С.Хрущевті ойнап, жылдан жылға жинаған тәжірибесінің нәтижесін, шыңдалу, өсу деңгейін көрсетіп келеді.

 

Ширақ  қимыл, шұғыл шешім, кесек бітімді образдарды сомдауға машықтанған. Айталық, Сәкен сері Жүнісовтің «Абылай» тарихи толғауындағы Сабалақ – Әбілмансұр бейнесі өткір мінезімен, өміршең іс-әрекеттерімен, қайтпас қайсарлығымен ерекшеленсе, Абылайдың кемелденген кезін актер шебер ойынымен елінің қамын ойлаған ұлт қайраткері дәрежесіне дейін көтереді. Үні айқын, әрі сөзі еркін естіліп тұратын дауыс пен қимылды қатар алып жүретін талантты актер.

 

1999 жылы  Қарағандыда өткен VII республикалық театр фестивалінде «Ең үздік ер адамның ролі үшін» сыйлығына ие болды және сол жылы Астана қаласында өткен Республикалық «Шабыт» фестивалінің дипломанты атанды. 2000 жылы Астана қаласында өткен О.Бөкей атындағы көркем сөз шеберлерінің байқауының лауреаты атанды. 1996, 1998, 2000 жылдары «Жылдың үздік актері» атанып, бірнеше дүркін Ақмола облысы әкімінің  және Ақмола облысы мәдениет басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.2001 жылы Алматы қаласында өткен «Ойын арзан, күлкі қымбат» Республикалық фестивалінің Гран-при иегері болды.

 

2006 жылы наурыз айында театрдың 10 жылдығына орай «ҚР Мәдениет қайраткері» төс белгісін иеленді. Қазақстан театр қайраткерлері одағының құрмет грамотасын алды.

 

Театр актері Ж.Қалдаров облыс аймағында  өтетін Халықаралық, Республикалық және облыстық көпшілік мәдени, қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысады. Өзіндік азаматтық ұстанымы бар актер сахна өнеріне деген адалдығымен, ұлтжандылығымен де ерекшеленеді.

 

Талантты актер соңғы жылдары өзін кино әлемінде де танытып келеді. Атап айтсақ: «Арман асуы», «Текетірес», «Абзал жан», «Қақпан» және тағы басқа сериалдарда рөлдер сомдап, «Балуан Шолақ» толық метражды фильмінде әкімші болып және Бақтыбай образын сомдады. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша бірнеше қысқа метражды фильмдерде продюсер болып іргелі істер атқарды.  Ердің жасы елуді еңсерген сан қырлы талантты өнер саңлағының алар асуы мен шығар биігі әлі алда деп санаймыз.

Театр сахнасында ойнаған рөлдері:

 

 1.     Ғ.Мүсірепов «Ақан сері -Ақтоқты» - Ақан

 

2.     Иран Ғайып «Хан-Абылай» - Абылай

 

3.     Д.Рамазан «Кенесары-Күнімжан» - Кенесары

 

4.     Иран Ғайып «Махамбет» - Махамбет

 

5.     С.Жүнісов «Абылай» - Әбілмансұр, Абылай

 

6.     Б.Әлімжанов «Біржан салдың шідері» - Біржан

 

7.      Ш.Құсайынов «Алдар Көсе» - Алдар

 

8.     С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» - Алтай

 

9.     М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Есет

 

10.  Т.Қажыбай «Жындар биі» - Жәбіреиіл періште

 

11.  У.Шекспир «Король Лир» - Француз королі, Эдгар

 

12. Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» - Едіге Жангельдин

 

13. Б.Әлімжанов «Отыз тістен шыққан сөз» - Ақмадия

 

14.  Б.Мұқай «Сергелдең болған серілер» - Жан

 

15.  Ш.Ыдырысұлы «Ақнұр» - Қылышбай

 

16.  С.Балғабаев «Ғашықтар болмайтын ғасыр» - Руслан

 

17.  Н.Гоголь «Үйлену» - Подколесин

 

18. Б.Ұзақов «Үміт» - Замир

 

19.  Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Ерғали

 

20.  Б.Мұқай «Тағдыр» - Құлан

 

21. Т.Қажыбай «Ар және ақша» - Олигарх

 

22.  Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» - Демесін

 

23.  Ж.Ерғалиев «Бұлтты түнгі толған ай» - Бұғыбай

 

24.  А.Сейдімбеков «Мезгілсіз махаббат» - Батырхан

 

25.  С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» - Поезд бастығы

 

26.  Ж.Мусин «Балқадиша» - Ақан

 

27.  М.Кәрім «Ай тұтылған түн» - Дәруіш

 

28.  Т.Жүженоглу «Қар көшкіні» - әкесі

 

29.  И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Ақан

 

30.  Ж.Ерғалиев «Тойғандар мен тозғандар» - Әлім

 

31.  Ш.Хусаинов «Анамның ақ көйлегі» - Ислам

 

32. Қ.Ысқақ, Шаһимарден «Мазар» - Абақ

 

33.  Б.Әлімжанов «Құдалық» - Лөктір

 

34. Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Абдурахман ибн Халид

 

35.  Е.Төлеубай «Алдаспан» - Н.Хрущев

 

36.  В. Дельмар «Өмір деген осы ма?» - Хенинг

 

37.  У.Шекспир «Отелло» - Брабанцио

 

38.  М.Мақатаев «Муза» - Мұқағали т.б