жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
"ТЕАТР ALL" III халықаралақ театр фестивалі
Астанада халықаралық театр фестивалі өтті
28 қазан мен 3 қараша аралығында белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Қажығалымқызы Мұқанованың драматургиясына арналған "ТЕАТР ALL" III халықаралақ театр фестивалі өтті! Аталған шараға Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрынан көркемдік жетекші Нұрислам Әбділ мен Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Манарбек Қыдырбай арнайы қатысып қайтты.
Рухани әлемнің мәртебесін көтерер игі шараға Қазақстаннан өзге Қырғызстан, Әзірбайжан театрларыда қатысты. Фестиваль барысында Роза Мұқанованың қаламынан туған "Мәңгілік бала бейне" , "Шатыр астындағы мен", "Сарра", "Бопай ханым", "Мәңгілік бала бейне" (қуыршақ театрында), "Қаралы сұлу", "Жесір" қойылымдары көрермен ыұыласына бөленді. Сондай ақ шетел ғалымларының қатысуымен Академиялық қазақ кітапханасында "Роза Мұқанова шығармашылығы: Кино.Театр. Проза" тақырыбында ауқымды формум өтті. Форум барысында Р.Мұқанова шығармагылығына арналған "Драматургия сардары " атты ұжымдық сараптамалық кітаптың тұсау кесілді. Мерейлі 60 жасқа толған қаламы жүйрік қаламгердің шығармашылығына арналған шараға өте жоғары деңгейде өтті.

