жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Премьера!
ПРЕМЬЕРА!!!
30,31 қазан сағ.18.30
3 қараша сағ17.00
А.Құнанбайұлы, М.Өтемісұлы, М.Мақатаев
«АР.РУХ.МУЗА» (Дара-толғау)
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Абай – Қайрат Мырзаболатов ҚР Мәдениет қайраткері
Мұқағали – Жарас Қалдаров ҚР Мәдениет қайраткері
Махамбет – Ержан Әубакіров ҚР Мәдениет саласының үздігі
Абай қазақтың – Ары. Махамбет – өр Рухы. Мұқағали – мөлдір махаббатқа малынған – Музасы. Үш алыптың бір-біріне ұқсамайтын дара болмысы мен теңіздей терең ойлары ұштасқан монодрама адам жанына рухани нәр береді. Абайды, Махамбетті, Мұқағалиды тану – қазақты тану һәм өзіңді тану.
Таласты тағдырға, әлекті әлемге АҚЫН көзімен қарау, ол – әділетсіздікті даттау, әділдікті жақтау.
Ар – ақыл. Рух – мінез. Муза – жүрек. Нұрлы ақылды, ыстық қайратты, жылы жүректі жақыннан сезінгіңіз келсе театрда күтеміз.
Атымды Адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын.
Абай Құнанбайұлы
***
Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,
Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?!
Махамбет Өтемісұлы
***
Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
Мұқағали Мақатаев