жаналыктар
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
XXVIII Театр маусымының ашылуы
XXVIII ТЕАТР МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ
Көкшетаудағы өнердің қара шаңырағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры XXVIII театр маусымын Л.Разумовскаяның "Емтихан" драмасымен ашты. Қоюшы режиссері Тасқын Мәжитов. Театр маусымының ашылуымен тұстас келген ұстаздар мерексіне орай аталған қойылым білім саласының мамандарына тегін көрсетілді. Ұстаз бен оқушы арасындағы түрлі сезімдер мен түсініспеушіліктерді арқау еткен қойылым көрерменді терең ойға жетеледі.
Театр маусымының ашылуына орай театр қызметкерлері қызыл кілемнен өтіп сүйікті көрерменнің қошеметіне бөленді. Шара соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы мен Театр басшысы Жарас Шотбекұлы құттықтау сөз сөйлеп біршама театр қызметкерлеріне "Көшпенділер ойындарына" белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызының атынан алғыс хат табыстады.







