жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
"Сәлем" ІІ Халықаралық комедиялық фестивалі
Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1,2,3,4, мамыр күндері Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен сері Жүнісовтың туғанына 90 жыл толуына орай II Халықаралық «СӘЛЕМ» комедиялық театр фестивалі өткізілді. Фестивальдің салтанатты ашылуына орай театр фой есінде шағын көрініс көрсетіліп, құрметті қонақтар мен қазылық етуші театр мамандары арнайы қызыл кілемнен өтті. Театр додасына Түркия, Әзербайжан, Қазақстан театрлары 8 аталым бойынша бақ сынады. Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры фестивальдан тыс Жан Батист Мольердің «Тартюф» комедиясын ойнап фестивальды қорытындылады. Қойылымдарға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор, театр педагогы – Машурова Рахилям Әбдрахманқызы, Театртанушы, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, өнертану докторы – Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы, театртанушы, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының «Театр өнері мен теориясы» кафедрасының профессоры – Жақсылықова Меруерт Болатханқызы, ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мемлекеттік театрлары басшылары кеңесінің үйлестірушісі, Әзірбайжандағы өкілі Эльчин Гафарлы, Еуразия театр қауымдастығының Әзірбайжан еліндегі өкілі Юсиф Джафаров сияқты театр мамандары қазылық етті өткір ойларын ортаға салды. Қазылар алқасының шешімдері бойынша қатысушы театр ұжымдары номинациялармен марапатталды.