жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
"ТАРТЮФ" комедиясының премьерасы сәтті өтті
27-театр маусымының алғашқы көрерменге тартуы өте табысты болды. Жан Батист Мольердің өткір комедиясының бірегейі “Тартюф” комедиясы көрерменге жол тартты. Режиссер Б.Абдураззоков өзінің шеберлік үлгісін тағы да паш етті. Актерлік ансамбльдің шеберлік шыңдалуына жол ашқан комедия өз көрерменін табарына шүбәсіз сенімдіміз. Бүгінгі көрсетілімнен қалыс қалған Көкшелік көрерменді 19,22- қазан күнгі премьера күндерінде қапы қалмауға шақырамыз.
19-қазан 18:30
22-қазан 17:00
Авторы: Жан Батист Мольер
Режиссері: Барзу Абдураззоков
Қойылым суретшісі: Ирина Лунга
Костюм суретшісі: Маймұра Топанбаева
"Адамның жүрегі мейірімділікке толы, бірақ ақыл - ойы қараңғы болса, ақыры өз өміріне үлкен қиындықтар әкеліп, түбі бақытсыз етеді", - деп жазды Лев Толстой.
Бірақ бұл оның өмірін ғана емес, жақындарын да бақытсыз етпек.
Әсіре діншілдік, діни фанатизм, радикалды ұстаным бәрінің де бір тамыры – қараңғы ақыл. Қараңғы ақыл ақымақтық деңгейіне дейін сенгіш болады, оны басқару оңай, кез-келген болымсыз нәрсеге иландыру жеңіл. Қараңғы ақылға шындық пен жалғанның ара-жігін айыру қашанда қиын, ал оны еріксіз басқару сондай оңай. Қараңғы ақыл қорланып, ерте ме, кеш пе өзін ғана емес, жақындарын да, өзінің мейірімді жүрегін де жояды. Өйткені оны қанішер мен қаныпезерге айналдыру сөз емес. Аңыз, ертегіге әсіресе «авторитет» адам айтса, мейлі ол тақияда, тіпті монах киімінде болсын теледидардан сөйлесе қараңғы ақыл сондай сенгіш.
Біздің қойылым сіздің жүрегіңіз ғаламның көлеміндей болса да, алақандай миыңыздағы қараңғылық пен иненің жасуындай саңылаусыздық қаншалықты қауіпті екендігі туралы ой салады”.