жаналыктар
-
30.06.2026
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындауға байқау жарияланды.
Талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.
-
18.06.2026
"Адалдық өзіңнен басталады" жобасы
"Тендерге түскен келіншек" драмасы, авторы М.Сарсекеев, қоюшы-режиссері:О.Кенебаев
-
17.06.2026
«Жан жылуы» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
Щучинск қаласында,
-
17.06.2026
Гастрольдік сапар Бурабай ауданы Щучинск қаласы
"Өтелмеген парыз" драмасы Авторы:Т.Әбдік, қоюшы-режиссері:Б.Шамбетов
12.10.2023
ХАЛЫҚ АРТИСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазақстанның халық артисі Жібек Бағысованың сахнада жүргеніне 65 жыл толуына орай бүгін тағы бір мәрте "Алло, мама..." драмасы көрермен назарына ұсынылды. (Авторы Барзу Абдураззаков, қоюшы режиссері Тасқын Мажитов).
Өмірін өнермен өрнектеген ақ самайлы актрисаның ойын өрнегі көрермен көңілін толқытты. Сахна сәніне айналып, сексеннің сеңгіріне шыққан дара талантқа деген халықтың ыстық ықыласы шексіз екені байқалды.
Бүгінгі қойылымда Жібек апаның туған топырағы Біржан сал және Бұланды аудандарынан арнайы келген көрермендердің де қарасы көп болды. Шара соңында Біржан сал, Бұланды аудандарының әкімдігі атынан арнайы келген өкілдері құттықтау сөз сөйлеп Жібек Бағысоваға құрмет көрсетіп, оқалы шапан жауып, ат міңгізді.


