жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Классика ой өсіреді...
Кеше Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық- драма театрында У. Шекспирдің " Отеллосы" сахналанды. Қоюшы режиссёр Ш. Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов. Шекспир драмаларының ішіндегі әлемнің әр елдерінде ең көп қойылған осы '" Отелло" Сонау елуінші жылдары М. О. Әуезовтің аудармасы негізінде тұңғыш рет қазақ сахнасында қойылған. Отеллоны әйгілі Шәкен Айманов ойнағанын білеміз. Адамдар арасындағы қым- қиғаш қатынасқа құрылған тартыстың негізгі өзегі адалдық пен сенімнің, алаяқтық пен сатқындықтың линиясында өрбиді. Қулығы мен аярлығына құрық бойламайтын сұм- сұрқия Ягоның құрбандығына айналған адалдық пен сенім иелері әрине аяныш тудырады. Аярлық түбіне жеткен аңқаулықтың түбі - ақымақтық. Сорлы Отелло, жазықсыз Дездемона!- дейсің. Трагедиядағы негізгі ойыншы - әрине Яго. Ролді сомдаған А. Шайсұлтанов соны жақсы түсінген. Мүмкіндігінше образды ашуға тырысты. Ізденісі бар. Ойнақылық басым болғандай көрінді. Мұхаңның аудармасындағы ақ өлең үлгілерін жеткізу оңай емес. Осы жағы кемшін түсіп жатты. Бұл өзге де актёрларға қатысты. Мәтінді ішке, жүрекке түсірулері керек. Жаттанды, жадағай сөз көрерменді баурай алмайды. Дездемонаның( Ә. Шайсұлтанова)Кассионың ( Н.Мақсат), Бианканың ( М. Сүлейменова) ойын өрнектері көңілден шықты. Әлі де шыңдай түссе. Режиссура жақсы. Пьеса біраз қысқартылыпты. Ол да ұтымды болған. Отелло мен Дездемонаны айтпағанда Кассионың, Родриго ( Е. Әубәкіров) мерт болуы сияқты режиссерлық шешім де ұнады. Жалғыз Яго бәрін құртты. Біздің заманда да Яголар аз ба? Бар ғой, бар. Тәңірім сондай Яголардан сақтасын. Бастысы декорация, киім үлгісі, музыка- сценаграфия өте сәтті таңдалған. Қалай десек те Шекспирдің классикасы сәтті сахналанды! Әлемдік классика ой өсіреді, шеберлікті шыңдайды дер едік.
Ерболат Баят